“Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры” атты мәнерлеп оқу байқауына қатысуды ұсынамыз

Құрметті достар!

“Bolashaq” академиясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні жоғары оқу орнының “Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры” атты І патриоттық мәнерлеп оқу байқауының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Байқау онлайн режимінде Академияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтеді.

Байқауға Академия студенттері, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ қызметкерлер қатыса алады.

Байқаудың шарттары: бір минутқа дейін камераға өлең оқып, куратор-эдвайзерге немесе конкурс ұйымдастырушыларына тапсырасыз.

Бұл бейне Instagram әлеуметтік желісінде орналастырылады және дауыс беру арқылы студенттер арасында ең жақсы 3 жұмыс, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлер арасында ең жақсы 3 жұмыс таңдалады.

Қатысушылардың бейнежазбасы 2020 жылдың 14 желтоқсанына дейін қабылданады.

Байқау қорытындысы 2020 жылдың 15 желтоқсанында өткізіледі.

Іс-шараны өткізуге жауапты: Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы Байшігіров Мейірбек Қайырбекұлы.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.