Тәуелсіздік мерекесіне арналған Алаш айлығы аясында дәріс өтті

6 желтоқсанда «BOLASHAQ» академиясында ақын, публицист, Халықаралық «Шабыт» фестивальінің гран-при иегері, Мәдениет министрінің кеңесшісі Ербол Алшынбайдың «СЫДЫҚ СҰЛТАННАН АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ДЕЙІН» тақырыбындағы дәрісі өтті.

🖌📚 Ербол Алшынбай қазақстың соңғы ханы КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ баласы
СЫДЫҚ СҰЛТАННАН «АЛАШ» қозғалысына дейін өр батырларымыздың ел үшін жасаған ерліктері, олардың тарихи тұлға болып қалыптасуы, өнгелі өмірлері жайында кеңінен баяндады.

⚜🇰🇿 Кездесу барысында “BOLASHAQ” Академиясы және Жоғарғы гуманитарлық колледж студенттерінің сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу болды. Автор оларға өзінің “Насаб наме сұлтан Сыздық”, “Жоғалған таулар” атты кітаптарын сыйға тартты.

Іс-шара соңында Академияның профессоры Мәуен Хамзаұлы келген қонақтарға жылы лебізін жолдай отырып алғыс айтты.

.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.