“Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы” бастауыш сынып мұғалімдерінің I съезі

2022 ж. 15 наурызда “Bolashaq” академиясы бастауыш сынып мұғалімдерінің I съезіне қатысты.

2022 жылғы 15 наурызда Елордада Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен “Бастауыш мектеп – білім мен ғылымның бастауы” бастауыш сынып мұғалімдерінің I съезі өтті.

Съезге еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден астам педагог, сондай-ақ ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағыҰлттық білім академиясының өкілдері, Білім беру басқармаларының мамандары, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, біліктілікті арттыру институттарының мамандары қатысты.

“Bolashaq” Академиясынан съезд жұмысына “Психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Асакаева Дана Саламатовна қатысты.

Съезд 3 кезеңге бөлінді: секция жұмыстары, фасилитация және пленарлық отырыс өткізілді. Панельдік секциялар жұмысы келесі тақырыптар бойынша ұйымдастырылды

– “Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру”,

-“Бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесі”,

-“Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау”,

-“Бастауыш сынып мұғалімдерінің әлеуетін арттыру”.

Съезде қатысушылар бастауыш тәрбие мен оқытуды дамыту бағыттары, бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі, бастауыш білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, бастауыш және орта буын сабақтастығы мәселелерін талқылады.

Бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Жоғары оқу орны мұғалімдердің кәсіби өсуі процесінде тәлімгер және көмекші ретінде әрекет етуі тиіс.

Д.С. Асакаеваың ұсынысымен келесі ұсыныстар енгізілді:

  1. Біздің студенттер ҚР БҒМ өткізетін WorldSkills чемпионаттарына қатысуы тиіс.
  2. ЖОО-лар мектеп мұғалімдерінің ғылыми жобаларын, авторлық бағдарламаларын жазуда ғылыми жетекшілер болуға тиіс.
  3. ” Bolashaq” академиясы “Мектеп-колледж-ЖОО” консорциумын құруға қатысу үшін мықты профессорлық-педагогикалық құрамға ие.

.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.