Қазіргі күні сыбайлас жемқорлық деректерінің көптігі, қоғамның қай саласында болмасын белең алғандығы, әділетсіздіктің асқынып бара жатқандығы көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялы азаматты бей-жай қалдырмасы анық. Қалыптасу үсітіндегі Жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты сыбайлас жемқорлықты мемлекеттің іргесін шайқалтатын, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіретін қатердің қатарына жатқызады. Ол үшін баршамыз осы бір келеңсіз құбылыспен күресте күш-жігерді біріктіріруіміз керек.
Осы орайда 2022 жылғы қыркүйектің 20-сынан бастап «Bolashaq» академиясында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, «Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында бірқатар іс-шаралар өткізілуде. Студент жастар қоғамның әр саласына ендеп еніп, жегі құрттай жегілей жеген келеңсіз құбылысқа өз көзқарастарын білдіріп, түрлі сауалнамаларға жауап берді. Жастар арасында әлеуметтік зерттеулерді Ғылыми зерттеу және гуманитарлық педагогика орталығының жетекші ғылым маманы, философия ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан Республикасының әлеуметтанушылар одағының төрағасы Бақытжамал Бектұрғанова жүргізді.