Құрметті студенттер! Сіздерді 2020 жылдың 11 желтоқсанында өтетін құқықтық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
2000 жылғы 25 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заң қабылданды, ол сот жүйесі дамуының жаңа кезеңін, сот ісін жүргізуді одан әрі жаңғырту мен оңайлату, сот төрелігі мен сот әкімшілігі мәселелерінің аражігін ажырату, мамандандырылған соттар құру, еліміздің судьялар корпусының кәсіби деңгейін арттыру жөнінде қағидаттық нормалар енгізуді белгіледі.
Ел Президентінің Заңға қол қойғанының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында “Судьялар одағы” РҚБ Қарағанды филиалы Жоғары оқу орындарының Заң факультеттері студенттерінің арасында құқықтық спартакиада өткізуді ұсынады.
Алдын ала уағдаластық бойынша осы іс-шараны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық және ақпараттық “алаңды” ҚЭУ береді.