Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасында онлайн режимде ашық сабақ өткізу

Қашықтықтан оқыту бүгінгі күннің шындығы және еліміздің барлық білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастырудың құралы болып табылады. Оқыту формасының өзгеруіне қарамастан, білім беру қызметтерін ұсыну сапасын сақтау мәселесі әлі де маңызды болып табылады, ол қазіргі жағдайда онлайн-сабақтарды оңтайлы әдістемелік сүйемелдеуді құру, қолда бар технологияларды барынша тиімді пайдалану және оқушылармен шынайы қарым-қатынасты сақтау проблемаларымен күрделене түседі.

Осы мәселелерді қалай шешуге болатындығы Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы Марышкина Таисия Владимировнаның “Кәсіби бағытталған шет тілі” пәні бойынша ашық практикалық сабағында айқын көрсетілді.

Бұл сабақ ағымдағы жылдың 6 қарашасында ИН-18-1 тобында Skype бағдарламалық қосымшасы арқылы Moodle білім беру порталының жұмысындағы техникалық іркіліске байланысты онлайн форматта өткізілді.

Өзінің ашық сабағы аясында оқытушы шет тілінің коммуникативтік-бағытталған оқытуын жаңа ақпараттық-коммуникациялық платформалармен және бағдарламалармен шығармашылық байланыстыру мүмкіндіктерін көрсетті.

“The role of the English language teacher” тақырыбы ағылшын тілінің мұғалімін ұлттық және мультимәдени сананың тасымалдаушысы және қоғам мен тұлға арасындағы делдал ретінде танытты.

Студенттер үй тапсырмасы ретінде берілген пысықталған мәтін негізінен кәсіби бағыттағы ақпаратты алып, өз пікірлерін білдіріп, сыни ойлау дағдыларының көмегімен, жаңа лексиканы пайдалана отырып, көпмәдениетті кәсіби диалогқа кірді.

Жас оқытушы сабақта қолайлы психологиялық ахуал жасай алды, оқу процесін шебер басқарды, жеке және топтық жұмыс түрлерін қолданды. Сабақтың басты әдістемелік артықшылығы Skype-пен қатар бірнеше басқа бағдарламаларды қатар қолдану болды. Мысалы, шығармашылық тапсырманы орындау үшін студенттер Jitsi Meet қосымшасының көмегімен алдын-ала құрылған “талқылау бөлмелері” бағдарламасына жіберіліп, жауаптарды Miro онлайн тақтасына енгізді.

Сабаққа қатысқан барлық әріптестер атап өткендей, сабақтың мақсаты толығымен орындалды. Сонымен қатар, сабақ тақырыбымен жұмыс студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырды, олардың білім беру кеңістігіндегі заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамытуға ықпал етті. Бұл дағдыларды меңгеру болашақ екі шет тілінің мұғаліміне өте маңызды, өйткені оның кәсіби мәдениеті қазіргі ақпараттық қоғамға сәйкес келуі керек.

Қорытындылай келе, мұғалім мен студенттер арасында тікелей байланыс өтті және экран бұл қарым-қатынасқа кедергі болмады деп сеніммен айтуға болады.

Кафедра аға оқытушы Мартышкина Таисия Владимировнаға сабақ өткізгені және тәжірибе алмасқаны үшін алғыс білдіреді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.