24 желтоқсан күні Достық үйінде Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы «КММ ұйымдастырумен «UPGRADE» жастар фестивалі өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аталмыш іс-шараға «Bolashaq» академиясының атынан Қожахметов Марлен қатысты. Фестиваль Word cafe форматтарында өтті. Сонымен қатар, салтанатты жиында 2021 жылдың іс-шаралары қорытындыланып, Қарағанды облысының жас көшбасшылары марапатталды. Жастар ресурстық орталығы жыл бойы белсенділік танытқаны үшін Кожахметов Марленді марапаттады.


