“UPGRADE” жастар фестивалі

24 желтоқсан күні Достық үйінде Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы “Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы “КММ ұйымдастырумен “UPGRADE” жастар фестивалі өтті.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аталмыш іс-шараға “Bolashaq” академиясының атынан Қожахметов Марлен қатысты. Фестиваль Word cafe форматтарында өтті. Сонымен қатар, салтанатты жиында 2021 жылдың іс-шаралары қорытындыланып, Қарағанды облысының жас көшбасшылары марапатталды. Жастар ресурстық орталығы жыл бойы белсенділік танытқаны үшін Кожахметов Марленді марапаттады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.