Өлкетану қызметін жүзеге асыру шеңберінде 2023 жылғы 7 қарашада “Bolashaq” Академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен барлық білім беру бағдарламаларының студент жастарының Қарағанды облыстық туристік клубының директоры С.П. Кистановпен диалог алаңы өтті.
Диалог барысында өлкетануда қазіргі кезеңде қолданылатын негізгі ұғымдық аппарат анықталды. Сергей Павлович өлкетануды зерттеудегі проблемалық мәселелерді көрсетті. Тірі диалог барлық қатысушылардың өлкетану білімін жүйелі түрде кеңейтуге деген танымдық қызығушылығына ықпал етті, олардың бір түрі экскурсиялар, туристік жорықтар болып табылады.
Диалог алаңында өлкетану бойынша сыныптан тыс сабақтар өткізуге, туризм нұсқаушысы ретінде қосымша білім алуға арналған практикалық ұсынымдар қамтылды.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы