2022 жылдың 7 қазанында біз, бірінші курс студенттері, “Bolashaq” академиясының кітапханасына бардық. Кітапхана қызметкерлеріне әрдайым мейірімді, сауатты, өз жұмысын білетін тамаша қызмет көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Кітапханашылар әрдайым оқу үшін әдебиеттерге кеңес береді, жаңалықтар туралы айтады. Сондай-ақ, олар қызығушылық тудыратын әдебиеттерді табу үшін кітапхана сайтын қалай пайдалану керектігін түсіндіреді.
Кітапхананың үлкен және әр түрлі ассортименті, түрлі ғылыми мақалалардың болуы, сондай-ақ тарихы мені мектепте жүргенде ойландырған “Карлаг” лагері туралы еңбектер өте қызғылықты болды.
Кітапханаға одан әрі өркендеу тілеймін!
Жанбекова Даяна, Ю-22-1 тобының студенті
Біз “Bolashaq” академиясының кітапханасында болдық. Бұл өте танымдық және қызықты болды, біз кітаптар мен оқулықтарды таңдап, қарап, көргенімізге дән риза болдық. Кітаптар әлемі шынымен де таңқаларлық қызықты екендігіне тағы да көзіміз жетті.
Нұржанова Дарья, Пип-22-1 тобының студенті
“Bolashaq” академиясының кітапханасына бізге экскурсия жүргізгені және кітапхананың жобалары мен басылымдарымен таныстырғаны үшін көп рахмет. Біз кітаптар арқылы материалды зерттеудің маңыздылығын білдік және мемлекеттік тілге аударылған әлемдегі ең жақсы басылымдарды көрдік.
Сіздер арқылы біз “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” сияқты өте маңызды және қызықты мемлекеттік жобалар туралы білдік.
Сіздер адамдарды білімге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп отырсыздар. Бұл үшін сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, сіздердің игі еңбектеріңіз жалғасын таба беруін тілеймін.
Сорокин Данил, Ин-22-1 тобының студенті