Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.
ҚР Президентінің Алғыс хатына бірқатар азаматтар қол жеткізді. Президенттік сайлау кезінде, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына белсенділік танытқандар марапатталды. «Jastar Ruhy» Жастар қанатының «BOLASHAQ» академиясындағы филиалының координаторы, Ю-19-2 тобының студенті Әбілжанов Әділет Бағдатұлы ҚР Президентінің Алғыс Хатымен марапатталды.
