17.02.2022 жылы 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01703 – «Қазақ және орыс тілінде білім беретін мекемелердегі қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламаларының оқу жоспарына сәйкес 1 курс студентеріне оқу (танымдық) практиканың, 2 курс студентеріне психологиялық-педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өткізілді. Практика елімізде болған төтенше жағдайға байланысты ауылдық жерде тұратын студенттерге тұрғылықты мекенжайлары бойынша 17.01–28.01.2022 жж., ал қалада тұратын студенттерге 24.01–04.02.2022 жж. аралығында өтті.
Қорытынды конференцияға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Қ.З.Сембиев, п.ғ.м., доцент Р.Н.Исмаилова, п.ғ.м., доцент Р.Х. Абдрахманов, п.ғ.м., аға оқытушы, практикаға жауапты Н.К. Қасетова, оқу әдістеме басқармасының маманы Д.С. Сейтжанова қатысты.
Практика барысында студенттер өздеріне белгіленген сыныптарда сыныптан тыс іс-шаралар, қорытындысында ашық сабақ және тәрбие сағатын өткізді. Сабақтарына тиянақты даярланып, еңбекқорлығы, ұқыптылығымен көрінген К-20-1 тобының студенті Әбдірейім Қанағат, Төкен Мөлдір мен Жұрағат Аймаралды ерекше атауға болады.
Қорытынды конференция барысында студенттер практиканың жұмыс жоспарына сәйкес жасалған жұмыстарға тоқтала келе, студенттерде кездескен қиындықтарға және ұсыныстарға тоқталды. Конференция соңында кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., профессор Қ.З.Сембиев, оқу әдістеме басқармасының практикаға жауапты маманы Д.С. Сейтжанова өз пікірлері мен тілектерін білдірді.