«Педагогикалық қабілеттілік»

2022 жылдың 7 қарашасында «Bolashaq» академиясы педагогика кафедрасының оқытушысы Қосманова А.Б. ПиП-19-2, ПМНО-19-2 және Ин-19-2 топтарында ««Педагогикалық қабілеттілік» тақырыбында  педагогикалық шеберлік пәнінен лекция түріндегі  ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа академия әкімшілігі мен кафедра оқытушылары қатысты.

Сабақ барысында оқытушы педагогикалық шеберлік аясында педагогикалық қабілеттілікті оқушылар мен ұжым алдында дұрыс қарым-қатынас жасай білу, ұйымдастырушылық қабілетін жасай алуы, маңызды міндеттерді шешу туралы мәселелерді қарастырды.

Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері сабақтың барысында орындау арқылы шебер меңгеріліп, сөздік қорды молайтуға, сұқбатаса білуге, кері байланыс жасап, сабақтың негізгі мақсатын  жете түсінуге бағытталды.

Сонымен қатар танымдық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатта студенттердің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыру, қарым-қатынас ынтымақтастығын қалыптастыру,  жағымды психологиялық ахуалды қамтамасыз ету сынды іс-әрекеттер де жүзеге асырылды.

Ең бастысы студенттер сабақта үйренген әр жаңа сөздің өмірде қажет екенін түсіне білді және аса қызығушылық танытты.

Сабақ соңында «Қабілет кемесі» арқылы кері байланыс жасалып, қорытындыланды.

Қатысқан оқытушылар   рефлексия жасады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.