МАҢЫЗДЫ  ІС-ШАРА 

Таяуда әлемнің көп елдерінде аталып өтетін киелі де қасиетті мереке – Мәуліт біздің Қарағандыда да аталып өтті. Мекеме басшылары, танымал тұлғалар, оқу орындары жетекшілері, мәдениет, өнер, ғылым саласының беделді өкілдері, бизнес, дін саласының адамдары т.б. қатысқан үлкен жиын «Думан» мейрамханасында өтті. Облыс әкімінің орынбасары Е.Әліқұлов құттықтау сөз сөйледі. Құран оқылды. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) рухына құрмет көрсетілді. Түрлі нөмірлер (пайғамбардың өмір жолына қатысты сұрақ-жауап, арнау айту, Умра қажылығына жолдама ойнату т.б.) кештің мазмұнды өтуіне жақсы ықпал етті. Алматы діни оқу орнынан т.б. жерден келген қонақтар дәрісі сәтті шықты. Бізге айрықша ұнағаны: облысымыздың бас имамы, ҚМДБ өңіріміз бойынша өкілі боп таяуда ғана тағайындалған Е.Әбдіғалиевтің облысымыздағы үздік имамға ақшалай сый-сияпат жасап, атқарылған іс туралы және алдағы міндеттер туралы айтқан сөзі болды. Естай Айтуғанұлы дініміздің бөлінуге емес, бірігуге, береке, ынтымаққа бастайтын қасиеті жөнінде айта кеп, өңірдегі барлық мешіттерді аралап жүргенін, имамдарға жағдай жасау қажеттігін, ол үшін кәсіпкер азаматтарға, жергілікті билік өкілдеріне өтініш айтқанын жеткізді. Ең бастысы: теріс, жат пиғылдағы ағымдарға жастарымыздың кірмеуі үшін бірлесе атқаратын жұмыстарымызды атауы үлкен қолдауымызға ие болды. Кеш аяқталған соң алда біздің оқу орнымызға келуге уәде берді. Өтінішімізді құп алған Е.Әбдіғалиевке дін жолындағы ісі сауаптан болсын деген тілегімізді білдіреміз.

Мәуен ХАМЗИН,

” Bolashaq ” академиясының ардагерлер кеңесінің төрағасы

филология ғылымдарының докторы, профессор,

Мәдениет қайраткері 

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.