Қазіргі таңда білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін өскелең ұрпақтың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері ең өзекті жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай «Педагогика» кафедрасының аға оқытушылары Нүркенова Г.Қ., Шутенова С.С., Есмагулова А.А. жоспарға сәйкес іс-сапармен А. Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық–техникалық колледжіне барып кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы бойынша сұхбат өткізді. Сұхбат барысында колледж білім алушыларына кәсіптік өзін-өзі айқындауды шешуде көмек көрсету бойынша бірқатар сұрақтарына жауап беріліп, олардың құндылықтық бағдарларын, қабілеттері мен мүмкіндіктерін, өмірлік жоспарлары мен перспективаларын ескере отырып, дербес және саналы таңдау жасауларына шақырды. Кездесу барысында оқытушылар «Bolashaq» академиясы туралы жан-жақты ақпарат беріп, білім алушылар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселесі білім беру ұйымының оқу-тәрбие процесі аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі болып табылатындықтан, осы кездесуді колледж тарапынан ұйымдастыруға белсене ат салысқан педагог, бүгінде өз саласының кәсіби білікті маманы М.А. Идрисоваға алғыс білдіреміз.
You may also like
25 ақпанда Жас ғалымдардың үздік инновациялық жобаларын анықтауға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылыққа, студенттік өзін-өзі басқаруға, спортқа белсенді қатысатын студенттерді анықтау және ынталандыру үшін […]
2019 жылдың 26 қыркүйегінде Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Bolashaq» академиясымен бірлесіп Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы өткен болатын. […]
Құрметті студенттер және ұстаздар! “Bolashaq” Студенттер Үйіне басқа қаладан келген білім алушыларды орналастыруға өтініш қабылдау жалғасуда. Өтініштер мына мекен-жай бойынша қабылданады: Қарағанды […]
“Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы бойынша “Bolashaq” академиясының кітапханасы жаңа әдебиетпен […]