ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

18 наурыз күні “Bolashaq” академиясында “Қош Келдің Әз Наурыз” атты көктемгі күн мен түннің теңесу күніне арналған мерекелік іс-шара өтті..

 

“Bolashaq “Академиясы ректорының м.а. Рысмағамбетова Г.М. құттықтау сөз сөйледі,
сондай-ақ қызметкерлер мен студенттерді Наурыз мерекесімен т.ғ.к. Адамбеков Е.К., ф.ғ.д. Еликбаев Н.Е. және ф.ғ.к. Саттарова Ф.Ф. құттықтады.

.

Мереке концерттік бағдарламамен жалғасты.  Мерекелік іс-шарада Қарағанды облысының танымал би ұжымы, “Шолпан” үлгілі хореографиялық ансамблі және Bolashaq академиясының оқытушылары мен студенттері өнер көрсетті.

Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында қазақтың ұлттық ойындары ойналып, Арқан тарту (перетягивание каната), Қол күрес (армрестлинг), гір тасын көтеру (гір спорты), шаш өру (“бұрым – қыз сұлулығы” бойынша конкурс ) спорттық жарыстары өткізілді.

Сондай-ақ қазақ халқының бауырсақ, наурыз көже сияқты дәстүрлі тағамдары дайындалды. Студенттер халық тағамдарын жоғары бағалады. Студенттер мен оқытушылар айшықты ұлттық киімдер киді.

Әсем әндер, әсерлі билер, көңілді ойындар, дәмді тағамдар, жүрекжарды өлеңдер – осындай есте қаларлық сәттермен біз Наурыз мейрамын қарсы алдық.

фото:https://cloud.mail.ru/public/UZx3/3iVaGA8ug

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.