9 қыркүйекте Теміртау қаласында Шығыс-1 демалыс аймағының базасында мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызметкерлердің слеті өтті. Слет “AMANAT” партиясының “Jastar Ruhy” Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.


Бұл слет МЖС іске асырудың қолданыстағы әдістерін жетілдіру, жаңа және инновациялық тәсілдерді іздеу, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында өтті.
Аталған іс-шараға “Jastar Ruhy” жастар қанатының “Bolashaq” академиясы бойынша филиалының координаторы, Ю-19-2 тобының студенті Абильжанов Әділет қатысты.


Слет жұмысы аясында шешендік өнер бойынша шеберлік сыныптары, жеке және көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша семинар-тренингтер, жастармен жұмыс жасауда шығармашылық тәсілді қалыптастыруға бағытталған түрлі диалог алаңдары ұйымдастырылды.
Слетке қалалар мен аудандардың ЖРО жастармен жұмыс жөніндегі инспекторлары, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

