Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Мемлекеттік рәміздері негіздерін білуге арналған Олимпиадаға Құқықтану ББ студенттерінің қатысуы

2021 жылдың 30 қарашасында ҚР Конституциясы мен мемлекеттік рәміздерінің негіздерін білуге арналған студенттік олимпиада өтті

Іс-шара ZOOM платформасында өтті.

Еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан барлығы 8 команда қатысты. Биылғы жылғы іс-шараның алдыңғы жылдардан айырмашылығы, онлайн форматының арқасында қатысушылардың географиясы әлдеқайда кеңейтілді, бұл біріншіден, Олимпиаданың беделі артып келе жатқандығымен, екіншіден, өзара тәжірибемен бөлісе алатындығымен, үшіншіден, іс-шараның мақсаты жас ұрпақ тарапынан қолдауда және назарда болатындығымен жағымды әсер қалдырады.

Олимпиадаға қатысқандар:

“Құқық қорғаушылар “(“Bolashaq” Академиясы, Қарағанды)

“Бәйтерек” (Тұран Университеті)

“Алтын ұрпақ” (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті)
*”Күш заңы” (Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті (Алматы қ.);
*”Republic” (Республика) (Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті)

“Legit” (Алматы Менеджмент Университеті)

“Фемида” (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті)
“Солнцеворот” (КЕАҚ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті)
Биылғы жылы олимпиада ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде үш кезеңде өткізілді.

1 тур. – бірінші мәселе бойынша презентациялар мен сөз сөйлеуге барлық командалар қатысады

1995 жылғы ҚР Конституциясын қабылдаудың мақсаты мен міндеттері (дамыған елдердің конституцияларымен салыстыру) – осы мәселені ашу тәсілінің жаңалығы және жеке пікірі (команданың пікірі) бағаланады.


2 тур. – екінші мәселе бойынша презентациялар мен сөз сөйлеуге барлық командалар қатысады

ҚР Конституциясы 27-бабының 2-тармағында “Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың етене құқығы әрі міндеті”деп бекітілген. Сіз бұл ережеге қандай түсінік берер едіңіз – осы мәселені ашу тәсілінің жаңалығы және жеке пікірі бағаланады (команданың пікірі).


3 тур. – үшінші мәселе бойынша презентациялар мен сөз сөйлеулерге барлық командалар қатысады

Мемлекеттік рәміздерді күнделікті өмірде пайдаланудың проблемалары мен шешу жолдары. (Мемлекеттік рәміздер туралы Заңның нормаларын салыстыру және оны жүзеге асыру практикасы – өмірден алынған мысалдар: қандай жағдайларда мемлекеттік рәміздер дұрыс немесе дұрыс емес пайдаланылады). – Осы мәселені ашу тәсілінің жаңалығы және жеке пікірі бағаланады (команданың пікірі).


Біздің “Құқық қорғаушылар” командасы бірінші орынға ие болды.

Команда құрамы

Команда капитаны Гартман Зинаида Ю-21-1


Команда мүшесі Мукашева Айжан Ю-20-1к


Команда мүшесі Гиберт Ксения Ю-21-1

Осы зияткерлік жарысты қорытындылай келе, біздің академияның, атап айтқанда, құқықтану мамандығының студенттері жылдан-жылға жетілдірілуде екенін айта кету керек. Биыл команда құрамында екі бірінші курс студенті болды, соған қарамастан олар бірінші орынға ие болды.

“Заң пәндері” кафедрасының оқытушысы – доцент Садықова Көкеш Каригуловнаға студенттерді олимпиадаға жақсы дайындағаны үшін ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді.

Жарайсыңдар балалар!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған