Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

2023 жылдың 24 ақпанында Академияда студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері”атты дәстүрлі республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне, қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті мәселелерін шешуге тарту болып табылады.

Ғылыми конференция қазақстандық қоғам дамуының ғылыми, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-мәдени мәселелерін, әлемдегі және еуразиялық кеңістіктегі заманауи процестерді талқылауға арналған ашық алаң болып табылады. Мұндай талқылау Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаев ұсынған “Жаңа Қазақстан” құрылысының идеясы контекстінде жаңару және жаңғырту жолына түскен кезеңде ерекше өзектілікке ие болады.

Конференция материалдары екі томдықта жарық көрді. Отандық және шетелдік жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін қамтитын 175 ғылыми баяндама жарияланды.

Конференция модераторлары ретінде ғылыми зерттеулер, гуманитарлық педагогика және педагогикалық тәлімгерлік орталығының жетекшісі Е Е. Серімов, орталықтың бас ғылыми қызметкері, құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы М.А. Арыстанбеков сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста 11 ғылыми жұмыс тыңдалды. Шетелдік және қаладан тыс қатысушылар онлайн режимде қатыса алды.

Пленарлық отырыс соңында жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Азат Мырзабекұлы Тәжин студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының авторлары грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.