Пікірсайыс бойынша жастарға арналған көрсетілім ойындар

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарағанды пікірсайысшылар бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылы пікірсайыс бойынша жастарға арналған 6 (алты) көрсетілім ойын ұйымдастырылды. Ойындар британдық парламенттік, американдық парламенттік, линкольн дуглас форматтарында өткізілді. Көрсетілім ойындарды тамашалау арқылы көрермендер дебатты қалай ойнау, тақырыпты қалай ашу, спикердің өз көзқарасын қалай дәлелдеу керектігі жөнінде және пікірсайыс саласында басқа да пайдалы ақпараттар мен білім алуға қажетті мүмкіндік алады.
Қосымша ақпарат бойынша 8 778 595 30 79, 8 777 573 35 91 телефоны арқылы хабарласа аласыздар.
Біздің youtube – каналымыз: QPB – ODK

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.