“Тұғыры биік-ТӘУЕЛСІЗДІК” тақырыбындағы концерттік бағдарлама

15.12.22 жылы сағат 15.00-де “Bolashaq” академиясында  ” Тұғыры биік-ТӘУЕЛСІЗДІК”  тақырыбында концерттік бағдарлама өтті. Мереке қарсаңында біздң ПОҚ және студенттеріміз кәсіби шеберлігі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін аудан, қала, облыс әкімінің және облыстық білім басқармасының, қоғамдық ұйымдардың және Академия ректорының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараны Академия ректоры Г.М. Рысмағамбетова ашып, академияның профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлері мен студенттерін шын жүректен мерекемен құттықтады.

Біздің қонақтарымыз:

 республикалық эстрадалық-ән байқауларының лауреаты, “I’ m singer” телевизиялық жобасының финалисі –Айнур Зейден;

Республикалық,халықаралық би байқауларының Гран-при жүлдегерлері – “Шолпы” би ансамблі, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері, “Шыңдауыл”ұжымы;

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті – Мархабат Мұрадали.

Тәуелсіздіктің 31 жылдығымен! Біздің еліміз өркендей берсін!

Бізді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған қонақтарымызға шын жүректен алғыс айтамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.