ҚР Президентінің жолдауын талқылау және түсіндіру

9 қыркүйекте “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының оқытушылары мен студенттері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Іс-шара барысында 3 курс студенті Оразхан Айкенже “Ел болашағы – білімді жастар!” баяндамасымен сөз сөйледі. Оразхан Айкенже өз баяндамасында еліміздің одан әрі дамуының 5 кезеңі туралы айтып берді. Сондай-ақ, білім және ғылым саласын жаңғырту мәселелері қозғалды.

Баяндамадан кейін 1-4 курс студенттері Жолдау бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Кафедра оқытушылары студенттердің пікіріне қолдау білдіріп, алдағы уақытта олардың білім сапасын арттырып, тілге деген құрметті нығайтатынына сенім білдіретінін атап өтті. Кездесу соңында “Білімді жастар – ұлт болашағы” атты бейнеролик көрсетілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.