Құрметті студенттер! Медиасауаттылық жобасы бойынша – “МЕДИА-ҚАЛА” квизесіне қатысуға шақырамыз.
Квизді MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы аясында Психология, бизнес және медиа қауымдастығы жүргізеді. Ол 2 елде – Қазақстан мен Өзбекстанда өткізілетін болады.
Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы студенттерінің арасында медиасауаттылықты арттыру.
Жобаның өзектілігі-медисауаттылықты арттыру. Медиасауаттылықтың болмауы ақпаратты тұтынудағы ақпараттық теңгерімсіздікті тудырады:
бұл әсіресе 15 пен 25 жас аралығындағы жастарға тән, өйткені бұл аудитория интернетті және әлеуметтік желілерді көп пайдаланады және сонымен бірге өзінің әлі де жетілмегендігі мен адамдарға тез сенгіштігіне байланысты манипуляциялар мен ақпараттық лақтырулардан ең қорғансыз болып табылады.
Квиздер-бүгінгі таңда зияткерлік ойындардың, сондай-ақ ойын-сауық пен уақыт өткізудің өте танымал форматы.
Квиз-бұл адамдар сұрақтарға жауап беретін зияткерлік ойын. Ойын бірнеше турда өтеді және оған бір уақытта көптеген командалар қатыса алады.
Ойынға қатысыңыздар!