American Corner әдеби клубымен Онлайн кездесу

Тәжірибе алмасу аясында Philology Island үйірмесінің жетекшісі Хомутова Асель Куатовна American Corner әдеби клубының онлайн-отырысына қатысты. Ағылшынтілді әдеби үйірменің жетекшісі-америкалық әдебиет профессоры Ричард Бурк.

Отырыстарды өткізу форматы қызықты болды. Клуб қатысушылары оқыған Э.Хемингуэйдің әңгімелерін белсенді талқылады, кейіпкерлер туралы өз пікірлерін еркін білдірді, шығармалардың негізгі идеялары мен жасырын мағыналары туралы дауласты. Сондай-ақ, KazTEA конференциясының таныс қатысушыларының арасынан жас зерттеушілер әдебиет, көркем мәтінді түсіндіру мәселелеріне қызығушылық танытқандарын көру жағымды болды.

Талқылау барысында профессор бір өте маңызды сөз айтты:”no one is wrong (әрқайсыңыз дұрыс айтасыз)”. Бұл оралымда кез-келген әдеби клубтың философиясы жатыр, онда әркім өз қателіктерінен қорықпай, оқыған нәрселерімен бөлісе алады. Philology Island үйірмесінің жұмысы жастардың әлеуетін ашуға бағытталған.

Хомутова А.К.,ШТ мен ХК кафедрасының аға оқытушысы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.