Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында 2021 жылдың 16 қарашасында «Қаржы» кафедрасы ұлттық валюта күніне «Ұлттық валюта – тәуелсіздік символы» атты интеллектуалды викторина өткізді.

Іс-шара басында э.ғ.к., профессор А.С. Дарибекова және әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Р.Н. Исмаилова қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
«Қазақстанның ұлттық валютасы» тұсаукесерімен Ф-18-1 тобының студеті Кисина Зарема сөз сөйледі.

Викторина жүргізушілері Ф-21-2 тобының студенті Алтынбек Аяжан және Ф-19-2 тобының студенті Танашев Жанат болды.


Викторинаға әр түрлі мамандықтағы 5 команда қатысты:
- Құқықтану
- Фармация
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Шет тілі
- Педагогика және психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі.





Викторина үш кезеңнен тұрды:
1 тур-Сұрақ-Жауап. Командаларға 15 сұраққа жауап беру ұсынылды;
2 тур – Міндеттер-5 қаржылық мәселені шешуді қарастырды;
3 тур – Сөзді тап-командалар топ мүшелерінің бірі түсіндіргеннен кейін қаржылық-экономикалық терминдерді білуі тиіс болды.
Викторина нәтижелері келесідей:
1 орынды «Фармация» ББ-ның «Теңге» командасы жеңіп алды;
2 орын – «Құқықтану» ББ «Ecvitos» командасы;
3 орын – Қазақ тілі мен әдебиеті ББ-ның «Қырандар» командасы
Барлық командалар қатысушылардың сертификаттарымен, ал жеңімпаз команда – торт түріндегі тәтті сыйлықпен марапатталды.