2020 жылдың 25 қарашасында Skype платформасында «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының студенттеріне арналған «Коронавирустан қалай қорғануға болады» кураторлық сағаты өтті.

О
Кураторлық сағаттың ұйымдастырушылары «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» кафедрасының оқытушылары: п.ғ к. Шалтаева Р.Ж., аға оқытушылар Жанысбаева Р.М., Таликова Г.Т. және Бакарамова С.А. болды.


Осы тақырып бойынша Академияның төмендегідей студенттері баяндама жасады: Ғазизова Алиса, МДОжТ – 17-1 тобы; Қуанова Сабина, МДОжТ-17-2 тобы; Мателова Раушан, Төлеген Айдана, Бөкен Алтан, МДОжТ-19-2 тобы; Анарбаева Мадина, Абдрахманова Дильназ, Абильхамит Шамшия, Бекмағанбет Эльмира, Кошенова Диана, Еркінин Сағыныш, БОПмӘ – 19-2 тобы.
МДОжТ – 17-1 тобының студенті Ғазизова Элис «Карантин кезіндегі психикалық денсаулық» баяндамасында карантин кезіндегі психологиялық стресстің себептерін және оны болдырмау үшін қолданылатын шараларды кеңінен түсіндірді.



Сондай-ақ студенттер келесі баяндамалармен: Абдирахманова Дильназ : «Каронавирустың алдын алу», Мателова Раушан, МДОжТ-19-2 тобы: «Этиологиялық белгісіз пневмония (Каронавирус)», Кушенова Диана, БОПмӘ-19-2 тобы: «COVID-19-дан қалай қорғануға болады» тақырыптарында сөз сөйледі.



