13 қазан күні академиямыздың 1-ші курс студенттері Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ашық есік күні» акциясына қатысты. Кітапхана әкімшілігі студенттерге шағын экскурсия және викторина ұйымдастырды. Студенттеріміз қаншалықты жан -жақты дамығанын көрсетті. Сонымен қатар кітапханадағы оқу үйірмелеріне мүше болуыға ұсыныс жасады. Студенттер Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық ғылыми кітапханасына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді.





