Ақ жол, түлектер !

Академияда бүгін – манызды күн! Біздің түлектеріміз оқуын аяқтап үлкен өмірге жолдама алайын деп тұр. Мереке кұтты болсын!

Диплом тапсыру рәсіміне жинала отырып, біз еліміздің және Қазақстан халқының болашағы – жалынды да жігерлі жастарға эстафетаны тапсырудың тарихи сәті келгенін анық түсінеміз.

Құрметті түлектер, “Жаңа Қазақстан” идеясының мақсаты-қоғамда әділдікті орнату, жастардың бойында уақыт ағымына сай рухани құндылықтар негіздерін қалыптастыру, халыққа қызмет ету. Алдағы қызметте сіздер жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыруға дайын боласыздар деп үміттенеміз.

Академияны биыл 913 адам бітіреді, оның ішінде – 886 бакалавр, 27 магистр.

Құрметті түлектер, бүгінгі мерекеге әрбір түлек өзінің қажымас еңбегінің арқасында келгеніне күмән жоқ. Жадыларыңыз төрт жыл ішінде болған көп сәтсіздіктерді, аңғалдықты, адасуды тез жояды, бірақ сіздер өздеріңіздің бітіру біліктілік жұмыстарыңыздың қорғауында ересек өмірге енетін әлеуеттеріңіздің бар екендігін нақты дәлелдей білдіңіздер. Сіздер мәре сызығына ой тоқтатып, “алға ұмтыла” алдыңыздар. Бұл жағдай оқытушыларға деген үлкен құрмет пен олардың қиын жұмысының мағынасы бар екендігінің белгісі. Оларға алғыс айту уақыты келді. Олардың сіздер үшін төккен тері, ерен еңбегі үшін. Сіздерге жаңа білім бергені үшін. Көмектескісі келгені үшін. Олардың сіздерге жұмсаған үлкен күш-жігері үшін.

Құрметті әріптестер! Сіздерді 2022-2023 оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!

Құрметті түлектер! Бұл сіздердің жеңістеріңіз, ата-аналарыңыздың жеңісі. Сіздерге шексіз алғысымды білдіремін! Магистратурада көптеген адамдарды көремін деп үміттенемін. Барлық түлектер өздерінің алма-матерін тапты деп сенемін, олар бізге әрқашан оралып, көмек сұрай алады немесе жетістіктерімен мақтана алады.

Сіздерге бақыт пен амандық, өмірде сәттілік пен нық қадам тілеймін!
Сіздер жаңа шыңдарды бағындырыңыздар, сіздер үшін еңсерілмейтін кедергілер болмасын!

Қадірлі түлектер! Сіздерге ақ жол тілейміз!

https://cloud.mail.ru/public/DCge/2SXpH3VuE

https://cloud.mail.ru/public/ykWu/RveSeUBuu

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.