Академия ректорының фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесуі

2021 жылдың 15 қазанында “Bolashaq” академиясының ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы фармацевтикалық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Фармацевтикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сұлтанов Алшын Камалұлы «Фармацевтикалық пәндер кафедрасының 2021-2022 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары” атты баяндама жасады, онда мынадай негізгі мәселелер талқыланды: 1. Кафедраның кадрлық әлеуетін сақтау және дамыту. 2. Оқу-әдістемелік жұмысты оңтайландыру. 3. Кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу белсенділігін арттыру.

Қаралған мәселелер бойынша жұмыс түрлерін жақсарту туралы іс-шаралар ұсынылды. Кафедра меңгерушісінің баяндамасын талқылағаннан кейін Академия ректоры өз ескертулерімен және ұсыныстарын атап өтті. Сондай-ақ, ректор қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту және 3 тілдік оқытуды енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажет екендігін айтты. Сонымен қатар кафедраның оқытушылары ЖОО-да оқылатын пәндер бойынша біліктілікті арттырудан өтудің қажеттігін ескертті. Ректордың барлық ескертулері мен тілектері оқытушылардың алдағы оқытушылық қызметерінде ескерілетін болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.