2022 жылдың ақпан айының 12 – шы жұлдызында «Психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы ZOOM платформасында online форматта Қарағанды қаласындағы № 23 ЖББ мектебінде бастауыш сынып бірлестігі филиалында «Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел өткізудегі мақсаты: осы іс-шара арқылы кафедраның оқытушы профессорлық құрамы мен мектептің бастауыш сынып мұғалімдер арасында байланысты нығайту. «Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбын талқылау және оның мектеп тәжірибесінде қолдану жолдарын көрсету. Дөңгелек үстелге «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы, Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы Майбасова Умит Амандыковна, 23 ЖББ мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байгомбенова Сауле Ныгматуллаевна және бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдер ұжымы, «Психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к, доцент Дана Саламатовна Асакаева және кафедраның оқытушы- профессорлық құрамы, магистранттар, студенттер қатысты.
Іс-шарада алғы сөз 23 ЖББ мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байгомбенова Сауле Ныгматуллаевна мен кафедраның меңгерушісі п.ғ.к, доцент Дана Саламатовна Асакаеваға берілді.
Іс – шара жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Майбасова Умит Амандыковна қатысып, баяндама жасады. Баяндамада функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын, жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын, математикалық сауаттылығын, компьютерлік сауаттылығын, денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты, құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынына тоқталды.
Бастауыш сынып мұғалімдері Сейсенбаева Г.А., Калдыбаева Б.И., Азанбаева Ж.М., Курманкулова А.Т. осы тақырып аясында білім беруді тәжірибеде қалай жүзеге асырып жатқандары жайлы қызықты да, маңызды ақпараттармен, тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақ-жауап алмасты.
Шараға қатысып отырған магистранттар, студенттер мен мектеп мен академия оқытушылары сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісе отырып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Дөнгелек үстел ұйымдастырушы, модератор Сарбасова Калимаш Амангельдиновна қонақтар мен қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, іс-шараның сәтті аяқталуымен құттықтап, ұстаздық жолдарында табысты да жемісті болуына және ынтымақтастықта бірлесе отырып жұмыс істеуге ниетін білдірді.