“Фармакогност” үйірмесінің отырысы

Қыркүйек айында “Фармакогност”үйірмесінің бірінші отырысы өтті. “Фармакогност” үйірмесінің жетекшісі К.С. Хаштай отырыс барысында студенттермен Орталық Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің құрамы бойынша “Сұрақ-жауап” форматында ойын ойнады. Сондай-ақ “дәрілік өсімдіктерді анықтау”тақырыбында практикалық жұмыс жүргізді.
Қатысушылар бұл дәрілік өсімдікті анықтап, оның ботаникалық сипаттамасын жазды. Дәрілік өсімдіктер арнайы анықтайтын агентпен анықталды және гербарийге жапсырма жапсырылды.

“Фармакогност” үйірмесінің қорытындысы:

  1. Біздің қалада кездесетін өсімдіктермен танысу;
  2. Белгілі бір құраммен жұмыс;
  3. Деректерге сипаттама беру.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.