Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. Осындай тәлім үйретушінің бірегейі – Е.АБөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Ағылшын тілі және лингводидактика» кафедрасының доценті Жаңбырбай Ахметұлы Қағазбаев. 2022 жылдың 15 қазанында өткен ұстаздың 70 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты жиынға «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З. Сембиев пен аталған кафедра доценті Р.Х.Абдрахманов қатысты. Академия атынан сөз алған Қ.З.Сембиев мерейтой иесінің өнегелі өмірі, қажырлы еңбек жолы мен тіл ғылымдарының дамуына, өркендеуіне қосқан үлкен үлесін атап өтіп, оқу орнымыздың басшылығының құттықтау хатын жеткізді.
You may also like
Бүгін біз Академия студенттерімен бірге терроризмнің шартты актісінің жолын кесу және оның салдарын жою жөніндегі терроризмге қарсы оқу-жаттығулардың тікелей қатысушылары болдық. Жоспарға […]
2023 жылдың 24 сәуірінде кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Шахтинск қаласы мектептерінің түлектерімен кездесулер өткізілді: Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, С. Асфендияров атындағы ЖББМ, […]
2020 жылдың 4 қарашасында Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінде Қарағанды қаласының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен заңдарын білуге арналған дәстүрлі […]
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен Қарағанды пікірсайысшылар бірлестігінің ұйымдастыруымен 2021 жылы пікірсайыс бойынша жастарға арналған 6 (алты) көрсетілім ойын […]