Ұстаздық еткен жалықпас

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. Осындай тәлім үйретушінің бірегейі  – Е.АБөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Ағылшын тілі және лингводидактика» кафедрасының доценті Жаңбырбай Ахметұлы Қағазбаев. 2022 жылдың 15 қазанында өткен ұстаздың 70 жасқа толу мерейтойына арналған салтанатты жиынға «Bolashaq» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.З. Сембиев пен аталған кафедра доценті Р.Х.Абдрахманов қатысты. Академия атынан сөз алған Қ.З.Сембиев мерейтой иесінің өнегелі өмірі, қажырлы еңбек жолы мен тіл ғылымдарының дамуына, өркендеуіне қосқан үлкен үлесін атап өтіп, оқу орнымыздың басшылығының құттықтау хатын жеткізді.

Оставьте комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.