ГУМАНИСТІК ПЕДАГОГИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

23 сәуірде “Bolashaq” академиясының гуманистік педагогика клубының төрайымы, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының, ДОВ-19-1 тобының студенті Жампейісова Лаура Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінде өткен “Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті” ХXV Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция қазіргі заманғы кәсіби сөйлеу ақпараттық ортасындағы коммуникацияның өзекті мәселелеріне; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастағы дәстүрлер мен инновацияларға; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастың дискурсивті стратегияларына; тіл, тарих, мәдениет өзара байланысы мәселелеріне; шешендік өнер мәселелеріне; мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне арналды. Жампейісова Лаура қатысушы сертификатымен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.