Нашақорлық – ғасыр  дерті!

2023 жылғы 4 қазанда 6В01701-“BOLASHAQ” Академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті-білім беру бағдарламасының к-23-1, к-22-1 тобының студенттері Н.К. Қасетованың жетекшілігімен “Нашақорлық-ғасыр дерті”тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында К-23-1 тобының студенті Төлеген Сырым ” “Біз нашақорлыққа қарсымыз!” тақырыбында баяндама жасады. Студенттер бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Шараның мақсаты ­­- есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан – жақты меңгерту. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.

Студенттердің бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.