ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ШАХМАТ ТУРНИРІ

27 қыркүйек күні сағат 15:00-де Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бас корпусының студенттер сарайында (2 қабат) шахматтан Халықаралық спорт шебері (IM) Бауыржан Касимовпен БІР МЕЗГІЛДІ ОЙЫН КӨРСЕТІЛІМ СЕАНСЫ өтеді.

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ШАХМАТТАН ТУРНИРГЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛУЫ ЖАРИЯЛАНАДЫ!

 Турнирдің мақсаты – Қарағанды облысының ЖОО және колледж студенттері арасында шахматтан ең мықты ұлдар мен қыздарды анықтау.

Финалдық турнирдің жүлде қоры 500 000 теңге.

Байқауға Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері шақырылады.

Турнирге қатысу үшін сілтеме бойынша шахмат клубына кіру қажет: https://lichess.org/team/NbcU72Kd қосылу коды jarqyn bolashaq

Барлық ақпаратты сілтеме бойынша жеделхат-арнадан көре аласыз https://t.me/joinchat/m_F2UWdVIPc4NWFi

Турнир туралы толығырақ мына нөмір бойынша біле аласыз:

8 (778) 97 888 67 (WhatsApp, Telegram)

Қарағанды облысының ЖОО және колледж студенттері арасында шахматты танымал ету бойынша іс-шаралар кешені Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.