Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды:

 Нұсқаушы-бақылаушыИнтервьюер (тіркеуші)
Жұмыс кезеңі2021 жылғы 24 қыркүйектен бастып 7 қарашаға дейін2021 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қазанға дейін
Негізгі функцияларИнтервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуын және шынайылығын бақылауҮй шаруашылықтары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте электрондық түрде халық санағын жүргізу.
Жеке құзыреттерге қойылатын талаптарТалдамалық ойлау, командамен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлауБарлық қажетті негіздерге назар аудару, көпшілдік, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау
Еңбекақысы125 мың теңге (жұмыстың барлық кезеңінде)орташа жүктеме 833 санақ объектісі болған жағдайда 104 мың теңге

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

– жасы – 18 жас және одан асқандар;

– білімі – жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз;

– портативті құрылғылармен – планшеттермен жұмыс істеу дағдыларына ие болу.

Санақтың нұсқаушы-бақылаушысы және интервьюерлеріне үміткерлер тек коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсын алған жағдайда жұмысқа тартылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.