10-шы ақпан – Қарағанды қаласының туған күні

Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың

«Қарашы Қарағанды күмбезіне,

Бойлаған мұнарасы күн көзіне.

Құрбыжан, қасиетті ол бір, қазына,

Қуантып тартпас, сірә, кімді өзіне?!» – деп жырлаған сүйікті қаласына биыл 90 жыл. 10-шы ақпан – Қарағанды қаласының туған күні.

Осыған орай, «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Жапанова Р.Н. басшылығымен «Педагогика және психология», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары арасында «Өз қалаңды білесің бе?» атты сұрақ алаңы ұйымдастырылды.

Қала тарихы, қала өмірі жайлы ұйымдастырылған сұрақ алаңына студенттер белсене  қатысып, Қарағанды қаласының тарихы жайында өз ойларын айтып, қалада орнатылған ескерткіштердің суретін жинап, олар жайында шағын мағлұматтар алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.