Кураторлар кеңесі

19 мамырда “Bolashaq” Академиясында Кураторлар кеңесінің кезекті отырысы офлайн және онлайн форматта өтті. Кезекті отырыста ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н. Исмайлова аға кураторлармен көктемгі семестрде өткізілетін алдағы жоспарлар мен жұмыстарды іске асыру жөніндегі материалдарды қарастырды. Екінші жартыжылдық жоспарлардың орындалу барысы және студенттердің сессияда оқуына ақы төлеу, түлектерді “Диплом тапсыру” ресми кешіне дайындау талқыланды.

Сондай-ақ мамыр және маусым айларында орындалуы тиіс шараларды уақтылы іске асыру тапсырылды. Аға кураторлар әр топ бойынша өткізілген іс-шаралар туралы есеп берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.