6В01301-“Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” ББ-ның филиал жұмысы бойынша отырысы

2023 жылғы 19 мамырда Қарағанды қаласының №23 жалпы білім беретін мектебінде 2022-2023 оқу жылындағы 6В01301-“Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы филиалының қорытынды отырысы өтті. Отырысқа филиалдың жұмысына жауапты оқытушы Қ.А. Сарбасова, №23 жалпы білім беретін мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Әсем Кенжебайқызы Қошкимбаева, бастауыш сынып мұғалімдері және ПМНО-20-2 тобының студенттері қатысты. Онда ағымдағы оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдалды. А.К.Қошкимбаева, білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығына байланысты дуальді білім беру жүйесі, дуальді оқыту жүйесінің жобасы – мектеп пен ЖОО арасындағы байланыс екендігін айтты. Бастауыш сынып мұғалімі Б.И. Қалдыбаева, Г. К. Лапиева дуальды білім берудің маңыздылығына тоқтала отырып, студенттер өз жұмыстарына өте жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Дуальды білім беру жүйесі-дәстүрлі жүйе сияқты, болашақ мамандарды нақты қызметке, тек оқу орнында ғана емес, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындарда да дайындаумен сипатталады. Диплом алғаннан кейін болашақ маман сол өндірістерде тұрақты негізде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Филиалдың жұмысына жауапты Қ.А. Сарбасова: “Біздің кафедрада дуалды жүйе өткен оқу жылынан бастап 6В01301 – “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы бойынша енгізілді және алғашқы тәжірибе жолға қойылды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе жинайды және мектеп базаларында практикалық сабақтар өткізеді. Биыл филиалда бірқатар жұмыстар жүргізілді”.

Кафедраның аға оқытушылары К.А. Сарбасова, Р.Н. Жапанова, Ж. А. Арунова ПМНО -20-2 тобымен “Бастауыш мектепте сауаттылық пен жазуды оқыту әдістемесі”, “Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі”, “Бастауыш мектепте жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесі”, “Әдебиетті оқыту әдістемесі”, “Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі”, “Көркем тілді оқыту әдістемесі” пәндері бойынша дәріс сабақтарын өткізді Сондай-ақ, осы мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Қалдыбаева Баян Ибишқызы, Лаптева Гулаим Капаровна, Зейтова Гүлназия Сабидоллақызы осы пәндер бойынша семинарлар өткізді.

Біздің студенттерге оқыту мен тәжірибені кезектесе өткізу өте ұнады. Оқу аяқталғаннан кейін түлектер жұмыстың ерекшеліктерімен және осы өндірістік кәсіпорынның базасымен толық танысады және осы жерге жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Кафедраның аға оқытушысы К. А. Сарбасова № 23 ЖББМ филиалында бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесіп “Бастауыш сынып пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын құрастыру және қолдану” тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Оған ПМНО-20-2 тобының студенттері де қатысты.

№ 23 ЖББМ филиалында ПМНО-20-2 тобының студенттері ұйымдастырған “Ғажайыптар өрісі” зияткерлік ойыны және “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” танымдық байқауы өтті. Іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты-оқушыларға ХХІ ғасырдың жаңа технологиялары мен ақпараттандыру жолдарын үйрету. Аталған іс-шараға “Bolashaq” Академиясының ОӘБ маманы Дана Саматқызы Сейтжанова, “Педагогика” кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Дана Саламатқызы Асакаева, кафедра оқытушылары мен ПМНО-19-2, ПМНО-22-2, ПИП-22-2 топтарының студенттері және осы мектептің бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары Кошкимбаева Әсем Кенжебайқызы, оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Байгомбенова Сәуле Нығматуллақызы, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Мектеп мұғалімдері студенттердің жұмысын жоғары бағалады.

Мектеп мұғалімдері академияның іс-шараларына да қатысады. Сәуір айында “Bolashaq” Академиясы ұйымдастырған “Қазіргі әлемдегі ғылым және білім” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына № 23 ОМ мұғалімдері қатысты, олардың мақалалары конференция жинағында жарияланды.

Тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдері дипломдық жұмыс туралы пікірлер береді және рецензенттер болып табылады.

Ынтымақтастықтың бұл түрі кадрларды даярлау жүйесін жақсартып қана қоймай, мұғалімдер мен оқытушыларға “теория” мен “практика”арасындағы байланыстың жаңа түрін жасауға мүмкіндік береді. Филиалдың жылдық жоспарына сәйкес барлық жұмыстар жоспар бойынша және уақытында орындалды.

Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Қ.А. Сарбасова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.