«МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІ: БІЗ ТАҢДАЙТЫН ЖОЛДАР»

«2022 жылғы 15 сәуірде «Bolashaq» академиясы ЖММ қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Ахметова Н.Т.  Жезқазған обысы Қаражал қаласы   қалалық білім бөлімінің кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізу жоспарын жүзеге асыру аясында №1 жалпы білім беретін мектептің базасында «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» тақырыбында өткізілген мамандықтар жәрмеңкесінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын өткізді.

Бұл іс – шараға Қарағанды Е.А.Бөкетов атындағы университет, “Bolashaq” академиясы, «Bolashaq» Қарағанды жоғары колледжі», Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжі, Жезқазған гуманитарлық колледжі, Жезқазған музыкалық колледжі қатысты. Жәрмеңке қалалық білім бөлімінің бастығы Қ.Оспанованың құттықтау сөзімен ашылып, шағын концерттік нөмірлер жалғасын тапты.
 Келесі кезекте әр білім ордасына бөлінген жеке алаңдарда оқушылар мен олардың ата-аналары мамандықтар жайлы, студенттердің студенттік өмірі туралы ақпараттар алды. Іс-шараға барлығы 350-ден астам оқушы қатысты. Түлектерге «Bolashaq» академиясы ЖММ білім беру бағдарламалары туралы кеңейтілген ақпарат берілді, буклеттер мен академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын «ЛиМоНаД» журналдары таратылды. Академия туралы таныстырылым бейне түсірілімдері көрсетілді.  Ата-аналар бұл іс-шараның ерекше форматын атап өтсе, біразы мамандықтар туралы, қандай кәсіби біліктілік алатындары жайлы ақпараттар алды. Түлектер үшін берілген ақпараттар өте маңызды болды, олар өздерінің барлық сұрақтарына толық жауап алды. Оқушылар үшін ұйымдастырылған іс-шара нағыз мерекеге айналды.

Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізудің мұндай форматы оқушылар үшін де, ата-аналар үшін де қызғылықты екендігі айтылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.