«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы!»

15.12.2023 күні «BOLASHAQ» Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, куратор Қ.Қ.Жанузахованың  жетекшілігмен К-20-1 тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өтті.

Кураторлық сағатымыздың мақсаты еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарының, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға – апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Білім алушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Кураторлық сағат танымдық түрде және қызықты өтті, студенттер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы презентация дайындады. Қазақстан – бір үлкен отбасына ұқсайтын мемлекет. Өз Отаны үшін мақтаныш сезімін сезінген әрбір тұрғын Қазақстанның қандай жолдан өткенін, қандай қиындықтарды еңсергенін және қандай биіктерге жеткенін ұмытпаулары керек. Елдің болашағы әрқайсымызға байланысты екенін есте ұстаған жөн, өйткені біз – оның халқымыз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.