15 сәуірде фармацевтикалық пәндер кафедрасының Академиялық комитетінің кезекті отырысы өтті, онда екі мәселе талқыланды:
- 2024-2025 оқу жылына түсу кезінде 6В10101 – “Фармация” білім беру бағдарламасының мазмұнына сараптама жасау және енгізілген өзгерістерді бекіту.
- 6В10101 – “Фармация” білім беру бағдарламасының 2024 – 2029 жылдарға арналған жұмыс берушілері арасынан сарапшылар құрамын қарау.
Маусым айына қарай “Фармация” мамандығы бойынша жаңа кәсіптік стандарт шығарылатындығына байланысты 2024 жылдың күзінде кафедраның Академиялық комитетіне жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеуге тура келеді
Сондықтан 2024-2025 оқу жылына шағын өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды, атап айтқанда: оқу сапасын жақсарту және пәндерді оқудағы дәйектілікті сақтау мақсатында ББ пәнді ауыстыру: “Фармацевтикалық кеңес беру және қамқоршылық” – 6 кредит көлеміндегі пәнін 9 семестрден 10 семестрге, ал “Жаңа буынның заманауи препараттары” – 5 кредит көлеміндегі пәнін 10 семестрден 9 семестрге.
Екінші мәселе бойынша осы жылдың мамыр – маусым айларында сараптама жүргізіп, ұсынылған өзгерістерді бағалайтын жұмыс берушілер арасынан екі сарапшыны қалдыру туралы шешім қабылданды.