«Bolashaq» академиясының ПДО қашықтықтан оқытуы

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 4 оқытушысы 2019 жылдың 9 қазаны мен 20 қарашасы аралығында келесі біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

1. Биология пәні бойынша оқу үрдісін жүзеге асырудың заманауи аспектілері (72 сағат) – 2 адам;

2. Қоршаған орта мониторингінің экологиялық негіздері. Экожүйелердің жағдайын бағалау әдістері (72 сағат) – 1 адам;

3. In-depth Study of Biotechnology (72 сағат) – 1 адам.

Білім алушылар курстардың сапасын және өндірістен қол үзбей оқу мүмкіндігін жоғары бағалады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.