“Bolashaq” академиясының ректоры, профессор К. Н. Менлібаев Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлеріне, сондай-ақ подполковник Е.С.Есжановқа біздің оқу мекемесінде болған ұрлыққа тергеу жүргізіп, көмектескені үшін алғыс білдіреді. Полиция қызметкерлерінің кәсіби және ұйымшыл іс-әрекеттерінің арқасында қылмыс ашылып, материалдық шығын толығымен өтелді.
Әрбір ашылған іс – бұл полицияның ған емес, бүкіл Қазақстанның құқық қорғау органдарының тұрақтылығы мен тынымсыз қызметінің көрсеткіші. Бұл, әрине, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы сенім мен өзара түсіністікті арттырады.
Ізін суытпай ашылған қылмыс біздің қызметкерлердің Халықпен жұмысының заманауи формасында және полиция жұмысының сервистік үлгіге көшуіне көндірді. Бұл факт тек кәсіпқойлықты ғана емес, сондай-ақ полицейлердің өздерінің игі қызметіне деген жауапкершілігін көрсетеді. Кінәлі тұлғаны анықтау және жауапкершілікке тарту қызметкерлердің сауатты және үйлесімді іс-әрекеттері нәтижесінде мүмкін болды деп санаймын.
Білікті қызметкерлер жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеді және көмекке келуге дайын екендіктерін дәлелдеп, бізге тыныштық сыйлады. Сіздің Бөлімше қызметкерлерінің құқықтық тәртіпті қорғау бойынша қызметтік борышын адал орындағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Сіздің жұмысыңыз үшін үлкен рахмет!
Құрметпен, “Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаев