“Bolashaq” академиясы студенттерінің “Ғылыми және кәсіптік-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті” Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы

“Bolashaq” академиясының түрлі білім беру бағдарламаларының студенттері Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достығы университетінің шақыруымен “Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті” атты ХХV-ші Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция Заманауи кәсіби сөйлеу ақпараттық ортасындағы коммуникацияның өзекті мәселелеріне; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастағы дәстүрлер мен инновацияларға; кәсіби-іскерлік қарым-қатынастың дискурсивті стратегияларына; тілдің, тарихтың, мәдениеттің өзара байланысы мәселелеріне; шешендік өнер мәселелеріне; мәдениетаралық коммуникация мәселелеріне бағытталған.

“Bolashaq” академиясы атынан шыққан студенттер :

  1. Жампейісова Лаура, ДОВ-19-1 тобы (Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу)

Ғылыми жетекшісі: педагогика кафедрасының аға оқытушысы Талипова Ғалия Тюлякова;

  1. Рамазанова Аружан, к-21-1 тобы (Қазақ тілі мен әдебиеті)

Ғылыми жетекшілері: ф.ғ. к., профессор Диканбаева Сайра Алькеевна, Ирина Юрьевна Григорчук – ЖББ кафедрасының ға оқытушысы;

  1. Перепечкина Карина және Назарова Дильназа, Пип-19-1 тобы (Педагогика және психология)

Ғылыми жетекшісі: пс. ғ.к., педагогика кафедрасының доценті – Никифорова Ольга Владимировна.

4. Соковых Надежда, Тупицына Наталья ФМ 19-1(Фармация)

Ғылыми жетекшісі: б.ғ. к., фармация кафедрасының доценті Құрбанова Газель Джумакулиевна

Конференция қорытындысы бойынша Академия студенттеріне қатысушы сертификаттары табысталды.

Ғылыми зерттеулер, гуманитарлық педагогика және педагогикалық тәлімгерлік орталығы студенттер мен ғылыми жетекшілерді құттықтайды!

Зор денсаулық, ғылыми-зерттеу жұмысында шығармашылық табыстар тілейді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.