“BOLASHAQ” Академиясы профессор-оқытушылар құрамының “Bolashaq” Қарағанды жоғары колледжінің түлектерімен кездесуі

2023 жылғы 16 наурызда “Bolashaq” Академиясының профессор-оқытушылар құрамы “Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту”, “Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі” мамандықтары бойынша “BOLASHAQ”Қарағанды жоғары колледжінің түлектерімен кездесу өткізді.

Кәсіби бағдар беру жұмысына қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Әсел Бейсенғазықызы Қосманова және оқытушылар: Майра Балиқызы Шащанова, Қалимаш Амангелдіқызы Сарбасова, Сабира Сартайқызы Шутенова, Арай Бейсенғазиқызы Қосманова қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты “Bolashaq” Академиясының Қарағанды “Bolashaq” жоғары колледжімен өзара ынтымақтастығының тиімді жүйесін құру болып табылады.

Профессор-оқытушылар құрамы түлектерді барлық білім беру бағдарламаларымен, оқуға қабылдау ережелерімен, жоғары біліммен және білім беру ұйымының кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын жеңілдіктермен таныстырды.Педагогика кафедрасы оқытушысы Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызы 6В01301- “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” және 6В1201 -“Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпарат берді. Кафедрада “6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының дуальды жүйесі енгізілгенін, алғашқы тәжірибе жолға қойылғанын ерекше атап өткен жөн. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе жинақтап, “№ 23 жалпы білім беретін мектеп” КММ базасында практикалық сабақтар өткізеді. Сондай – ақ, Сабира Сартайқызы Шутенова мен Арай Бейсенғазықызы Қосманова 6В01101 – “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасы бойынша толық ақпарат берді.

Әр студент үшін ЖОО басшылығы құрған икемді жүйе туралы айта отырып, өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейдегі барлық конкурстарға, ғылыми жобаларға, конференцияларға, қоғамдық іс-шараларға қатысу мүмкіндігі туралы атап өтілді.

Біздің Академиядағы студенттік өмірдің қызықты, жарқын жақтары және кәсіби өсудің барлық мүмкіндіктері айтылды.

Кездесу өте қызықты өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Түлектерге “Лимонад” журналы мен Академия туралы буклеттер таратылды.

Сарбасова Қалимаш Амангельдиновна

Педагогика кафедрасының аға оқытушысы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.