2021 жылдың 9-10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесі және Оңтүстік- Қазақстан медицина академиясы ұйымдастырған “Биология, медицина және фармацияның даму болашағы” атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Пленарлық мәжілісте ФМ18-3 тобының студенті Хамитова Айбану «Созылмалы жөтелге қарсы биологиялық белсенді зат – Астмосильдің емдік тиімділігі» тақырыбында баяндама қорғады. Жетекшісі: фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева К.С.
Сонымен қатар, «Биотехнология және нанотехнология: болашаққа көзқарас» секциясында ФМ19-2 тобының студенті Асанова Гүлшат «Нанотехнологияны медициналық тәжірибеде қолдану» тақырыбында баяндама қорғады. Жетекшісі: кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Султанов А.К.
10 желтоқсанда конференция қорытындысы бойынша Хамитова Айбану үздік ғылыми жұмысы үшін дипломмен марапатталды. Асанова Гүлшатқа «Биотехнология және нанотехнология: болашаққа көзқарас» секциясында баяндама жасағаны үшін сертификат берілді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры М.М. Рысбеков атынан «Bolashaq» Академиясының ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлына, ғылыми жетекшілер А.К. Сұлтанов пен К.С. Темірееваға алғыс хат тапсырылды.