Академиямыздың білім беру өрісі кеңейе түсуде. Жуырда Қашықтан білім беру технологиялары орталығының басшысы Сағыныш Исмагулов Түркия Республикасының Кония қаласында орналасқан Селджук (Селчук) университетімен байланыс орнатып, білім беру саласында әріптестік бойынша келісімшарт жасауға атсалысты. Екіжақ тараптары – ректорлары қол қойған бұл келісімшартта оқу бағыттарының түгелі дерлік қамтылған. Нақтырақ айтсақ, онда оқу, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, белгіленген тәртіпте бакалавриат, магистратура мамандықтары бойынша жекеленген пәндер мен модульдерді меңгеруге мүмкіндік берілген. Келісімшарт арқылы ынтымақтастық пен әріптестікті жүзеге асыру барысында Түркия мен Қазақстан Республикасының заңнамасы басшылыққа алынады және тең дәрежеде, ашық түрде және адалдық қағидаттарын сақтау негізінде өзара жүзеге асады.
You may also like
5 желтоқсан – Халықаралық еріктілер күні🥳4 желтоқсан күні Қарағанды қаласының әкімдігі жас волонтерлар басшыларының басын қосты ✅ Іс-шараны Қарағанды қаласының ішкі саясат […]
Нуржигитова Марал Мухсинкызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған – туыстары мен отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға […]
3 қазан күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының топтарында ТЖ орын алған Қостанай колледжінің мысалында “Нашақорлық және біздің болашағымыз” атты жіті тақырыпта әңгіме өткізілді. […]
2021 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті заң білімінің сапасын арттыру мәселесі […]