«Жас заңгер-2024»

2024 жылдың 16 ақпанында “Bolashaq” Академиясының құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының 11 сынып оқушылары, лицейлер, гимназиялар және колледж түлектері арасындағы “Жас заңгер-2024” облыстық байқауы өтті.

Байқау онлайн форматта өтті (teams платформасы).

“Жас заңгер-2024” байқауының мақсаты – құқықтық білім мен құқықтық мәдениетті насихаттау, құқықтық ойлау дағдылары мен әлеуетті қабілеттері бар талантты және шығармашыл жастарды анықтау және қолдау.

Конкурстың міндеттері:

1) болашақ – заңгер мамандығын таңдауда белсенді жәрдемдесу;

2) өз бетінше ойлаудың және өз ойларын баяндаудың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

3) жазбаша баяндау дағдыларын дамыту;

4) көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесіне әзірлену;

5) оқушылар мен педагогтерді жалпыға бірдей құқықтық оқытуға баулу;

6) қазіргі өмірде оқушы жастардың заңдық сауаттылығын арттыру.

Байқау 2 турдан тұрды. Қарағанды облысының әртүрлі аудандарынан конкурсқа қатысуға барлығы 60 өтінім келіп түсті.

Бірінші (сырттай) тур – “Қазіргі қоғамдағы құқықтың рөлі” тақырыбында эссе іріктеу 2024 жылғы 10-13 ақпан аралығында өтті.

Конкурстық комиссия жұмыстарды іріктеу кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алды:

-дербестілік, талдау қабілеті;

-презентация стилі, өзіндік ерекшелігі;

-сауаттылық;

-дәлелдеу дәрежесі;

-автордың білімі.

Екінші тур – қашықтықтан туры (teams платформасы негізінде) 2024 жылдың 16 ақпанында эссе қорғау түрінде өтті.

2 турға алдын ала іріктеуден өткен 15 қатысушы шақырылды.

Жеңімпаздардың орындары келесідей бөлінді:

Конкурс қорытындысы бойынша:

1 орын – “Bolashaq” Академиясы ректорының “Bolashaq” Академиясының бірінші курсында тегін оқуға берген грантын Досанов Ербол Пердебайұлы (Теміртау қ. №9 Лицей КММ) иеленді

Ғылыми жетекшісі: Жаңабаев Д.К.

2 орын – бірінші курста оқу ақысын төлеуде 50% жеңілдік Саятқызы Ділназға бұйырды (“Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ” Қарағанды)

Ғылыми жетекшісі: Аукенова Жарқын Орынбасарқызы

3 орын-бірінші курста оқу ақысы бойынша 25% жеңілдік – Селиванова Полина Андреевна (“Шахтинск қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі” КММ)

Ғылыми жетекшісі: Михайлова Лилия Салаватовна

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.